Оңтүстік Корея иттерді етке өткізетін фермаларға тыйым салды

381

Бірақ иттің етін бұрынғыдай жеуге болады.

Оңтүстік Корея иттерді етке өткізетін фермаларға тыйым салды Фото: Inbusiness.kz

Оңтүстік Кореяның парламенті сейсенбіде иттерді көбейтіп соятын және етке өткізуге тыйым салатын заң жобасын қабылдады. Бұрыннан келе жатқан бұл дәстүрді белсенділер ел үшін масқара деп атады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Аталған Заң үш жылға дейінгі бас бостандығынан айыруды немесе 30 миллион корей вонына дейін (шамамен 23 мың доллар) айыппұл салуды қарастырады.

Жаңа ит фермаларын, қасапханаларды, етті дайындайтын және өңдейтін кәсіпорындарды құруға дереу тыйым салынады. Ит өсірушілер шағым түсіріп, наразылық акциясын өткізуді жоспарлап отырғандарын айтты.

Алайда заңда ит етін жеген адамға жаза қарастырылмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу