Елорда да өтіп жатқан "Орталық Азия – Оңтүстік Корея" форумында ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров: "Біз бұқаралық ақпарат құралдарынан "Корея тарапы Қазақстан азаматтарының елге келуіне шектеу қояды" деген ақпаратты көрдік. Осыған орай мұндай ақпараттың бізге ресми келмегенін хабарлаймыз. Ресми хабар келіп түссе, онда біз оны жариялаймыз", – деді.
Ресми өкілдің мәлімдеуінше, 2019 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша, Оңтүстік Корея аумағын 10 785 Қазақстан азаматы мекен етіп жүр.
"Форум басталар алдында біздің министріміз кореялық әріптесімен екіжақты кездесу өткізді. Кездесу барысында кореялық тараппен екі елдің арасындағы көші-қон саясаты мәселелерін қарастырды. Бірақ мән-жайын сіздерге жария ете алмаймын", – деді ресми өкіл.
Қанат Махамбет