Оңтүстік Корея кедендік баж салығын төмендету үшін АҚШ-қа 350 млрд доллар төлейді

240

Бұл туралы Трамп әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. 

Оңтүстік Корея кедендік баж салығын төмендету үшін АҚШ-қа 350 млрд доллар төлейді Фото: РБК

АҚШ президенті Дональд Трамп Сеулге сапары барысында АҚШ-тың Оңтүстік Кореяға атомдық сүңгуір қайықты салып беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.

"Біздің әскери одағымыз бұрынғыдан да күшті. Осыған байланысты мен оларға қазіргі ескірген дизельді сүңгуір қайықтардың орнына атомдық сүңгуір қайықты салуға рұқсат бердім", – деп жазды Трамп Truth Social желісінде.

Оның айтуынша, Оңтүстік Корея атомдық сүңгуір қайықты Филадельфиядағы кеме зауыттарында жасайды. Сонымен қатар Сеул кедендік баж салығын төмендету үшін 350 миллиард доллар төлеуге келіскен. Трамп бұл тарифтерді сәуір айында енгізген болатын, ал бастапқыда Оңтүстік Кореяға салынған баж салығы 25% деңгейінде белгіленген еді. Сеул ол кезде АҚШ-қа қарсы шара қолданбайтынын айтқан.

"Олар біздің мұнай мен газымызды өте үлкен көлемде сатып алуға келісті. Ал Оңтүстік Кореяның бай компаниялары мен кәсіпкерлерінің елімізге құятын инвестициясы 600 миллиард доллардан асады", – деді Ақ үй басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу