Оңтүстік Корея кинотеатрлары вакцина алғандарға жеңілдік жасайды

1089

Осы күнге дейін бұл елде вакцинаның алғашқы дозасын 6,35 миллион адам қабылдаған.

Оңтүстік Корея кинотеатрлары вакцина алғандарға жеңілдік жасайды

Оңтүстік Корея кинотеатрлары коронавирусқа қарсы вакцина ектірген азаматтарға жеңілдік жасайды, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.  

Бұл шара маусымның соңына дейін жалғасады. Осылайша үкімет  жылдың соңына дейін халықтың ұжымдық иммунитетке қол жеткізуін қамтамасыз етіп, пандемия басталғаннан бері жұмысы тоқтап қалған кинотеатрларға қолдау көрсетпек. Ереже бойынша, вакцинаның кем дегенде бір дозасын еккен азаматтар билетті 50-60% жеңілдікпен сатып ала алады. Олар бар болғаны кассада екпе салдырғаны расталған сертификатты көрсетуі тиіс.Вакцинацияланған адамдарға бір билет 10-11 доллардың орнына 4,5-5,5 долларға сатылады.

Сонымен қатар екінші жартыжылдықта кинотеатрларға мемлекеттік қолдау көрсетілмек. Яғни ол уақытта тұрғындарға жеңілдік купондарын тарату жоспарланып отыр.  

Осы күнге дейін Оңтүстік Кореяда вакцинаның алғашқы дозасын 6,35 миллион адам қабылдаған. Бұл – халықтың шамамен 12,4%.

Табиғат Нұрболат

Фото: epa.eu

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу