Оңтүстік Корея мен Жапонияда сайлау учаскелері ең бірінші болып жұмысын бастады

679

Шетелдегі барлық сайлау учаскелері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің аумақтарында ұйымдастырылады.  

Оңтүстік Корея мен Жапонияда сайлау учаскелері ең бірінші болып жұмысын бастады Фото: PressMFAK

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында алғашқы болып дауыс беру мүмкіндігін Оңтүстік Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар алды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР СІМ Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі дәстүрлі түрде шетелдегі сайлау учаскелерінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының дауыс беру барысын жария ету жұмысын бастады.

Айта кетейік, Сеул қаласында сайлауда дауыс берген алғашқы ҚР азаматы курсант - Ельнур Асанов.

"Мен бұл сайлау еліміз үшін экономикалық дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашады деп күтемін. Трансформация біздің мемлекетіміз үшін қажет, ол елдің дұрыс бағытта дамуына қуатты серпін береді деп сенемін. Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде азаматтық борышымды орындап, өз үлесімді қосқым келеді! Елімізге нығайып, өркендепу тілеймін!" - деп мәлімдеді жерлесіміз Е.Асанов.

 

"Шетелдегі барлық сайлау учаскелері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің аумақтарында ұйымдастырылған. Ең бірінші болып қазақстандықтар Корея мен Жапонияда дауыс беруге мүмкіндігі бар. Сеулде #258 және Токиода #261 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де дауыс беру үшін бірінші болып ашылды", - делінген хабарламада.

Жалпы Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына, 62 мемлекетте 77 сайлау учаскесі бекітілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу