Оңтүстік Корея мөлшерлемені өзгертпеді

1706

Былтыр ел экономикасы 1,1%-ға қысқарды.

Оңтүстік Корея мөлшерлемені өзгертпеді

Оңтүстік Кореяның орталық банкі негізгі пайыздық мөлшерлені өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады.

Қаржы реттеушісінің басшылығы бірауыздан көрсеткішті 0,5% деңгейінде сақтауды ұйғарған.

Елдегі Kospi қор индексі 2020 жылдың наурызынан бері екі есе өсті.

Бірқатар сарапшының болжамынша, банк осы жылы қаржы-саясатын осы бағытта жүргізбек. Яғни 2021 жылдың соңына дейін мөлшерлеме осы деңгейде қалуы мүмкін. 

Былтыр коронавирус пандемиясының кесірінен Оңтүстік Кореяның экономикасы 1,1%-ға қысқарған. Бұл соңғы 22 жылдағы ең төмен көрсеткіш. Қаржы реттеушісі осы жылы ЖІӨ 3%-ға өседі деп отыр.

Табиғат Нұрболат

Фото: economist.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу