Оңтүстік Корея Ормуз бұғазына әскер жіберу мүмкіндігін қарастырып жатыр

170

​Оңтүстік Корея Ормуз бұғазындағы кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әскери қолдау көрсету мүмкіндігін талқылап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Оңтүстік Корея Ормуз бұғазына әскер жіберу мүмкіндігін қарастырып жатыр Фото: donetskmedia.ru

Алайда Сеул әзірге әскер жіберу туралы нақты шешім қабылдаған жоқ. Ел президенті әкімшілігінің өкілі Сеулдің өз қорғаныс қабілетіне зиян келмеген жағдайда халықаралық қауіпсіздік шараларына қатысуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Қарастырылып жатқан нұсқалардың қатарында P-8 Poseidon патрульдік ұшағын, қолдау кемелерін және миналарды анықтап, залалсыздандыру топтарын жіберу бар.

Шетелге әскери күш орналастыру үшін Оңтүстік Кореяда алдымен Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің қарауы, кейін үкімет пен парламенттің мақұлдауы қажет.

Сеул бұл мәселені АҚШ, Ұлыбритания және Франциямен де талқылап жатыр.

Ормуз бұғазы Оңтүстік Корея үшін стратегиялық маңызға ие: 2025 жылы ел импорттаған шикі мұнайдың 61%-ы осы теңіз жолы арқылы тасымалданған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу