Оңтүстік Корея өзінің барлау қызметін Украинаға жіберуі мүмкін

226

Бұл туралы Newsweek журналы Оңтүстік Кореяның барлау қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Оңтүстік Корея өзінің барлау қызметін Украинаға жіберуі мүмкін Фото: Ahn Young-joon/AP/picture alliance

Оңтүстік Корея үкіметі мен әскерилері Украинаға жеке құрамды, оның ішінде КХДР-ға бағытталған барлау офицерлерін және Солтүстік Кореяның тактикасы бойынша сарапшыларды "жіберу жоспарын қарастыруда", деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Оңтүстік Кореяның NewsPim медиа компаниясы да мұндай мүмкіндікті растап отыр. 

Newsweek түсіндіргендей, Украинадағы оңтүстік кореялық қызметкерлер Солтүстік Корея сарбаздарын украин әскерлері тұтқынға алса, жауап алумен немесе аудармамен айналысады. Сондай-ақ жеке құрам Киевке Солтүстік Кореяның әскери тактикасы, доктринасы мен операциялары туралы ақпарат береді, деп қосты газет.

Корея Республикасының Қорғаныс министрлігі де 21 қазанда өткен брифингте Украинаға өлімге әкелетін қару-жарақ жеткізу шараларын қарастыратынын және бұл мәселеде "ашық ұстанымын" сақтайтынын хабарлады. Осы уақытқа дейін Сеул Ресей Федерациясымен соғыста Киевке тек гуманитарлық көмек көрсетіп келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу