Оңтүстік Кореяның президенті қамауға алынуы мүмкін

194

Елге әскери жағдай енгіземін деп басы дауға қалған Оңтүстік Кореяның президенті қамауға алынбақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оңтүстік Кореяның президенті қамауға алынуы мүмкін Фото: www.koreaherald.com

Себебі сол елдің Ұлттық ассамблеясы Юн Сок Ёль мен жеті шенеунікті тез арада қамауға алуды талап ететін қарар қабылдады.

Бұл қаулыға 190 адам дауыс берсе, 95 адам қарсы, үшеуі қалыс қалды.

Оңтүстік Кореяның Парламенті де өткен аптада әскери жағдай енгізу әрекетіне байланысты Президент Юн Сок Ёльге қарсы арнайы тергеу жүргізуді талап ететін заң жобасын қабылдады.

Бұл ретте президент арнайы прокурорды тағайындау туралы қаулыға қарсы вето құқығын пайдалана алмайды, бірақ тағайындаудың өзін кейінге қалдыра алады, деп түсіндіреді агенттік.

Бұған дейін Юн Сок Ёльге саяхаттауға тыйым салынған болатын. Бұл тыйымды енгізу президентке қатысты тергеуге байланысты талап етілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу