Оңтүстік Корея президенті ақыры қамауға алынды

175

Парламент желтоқсан айында оған импичмент жариялаған болатын. 

Оңтүстік Корея президенті ақыры қамауға алынды Фото: Yonhap

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Yonhap агенттігінің жазуынша, жоғары лауазымды тұлғалар арасындағы сыбайлас жемқорлықты тергеу басқармасы бірінші басшыны ұстау үшін бұрын берілген ордер орындалғанын хабарлады.

"Сәрсенбі күні тергеушілер Президент Юн Сок Ёльді резиденциясынан ұстады. Тиісті бұйрық таңғы сағат 10:33-те орындалды. Одан жауап алу үшін алып кетті", – делінген хабарламада.

Биліктен шеттетілген президент жауап алуға баратынын жеткізді. Ол елде бүлік шығаруға әрекеттенді және билікті асыра пайдаланды деген күдікке ілініп отыр.

Айта кету керек, 3 желтоқсан күні Юн Сок Ёль өз елінде әскери жағдай жариялады, арада бірнеше сағат өткен соң парламент бұл шешімнің күшін жойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу