Қазақстанның Тұңғыш Президентінің атына Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Иннен жеделхат келіп түсті, деп хабарланды Елбасының ресми сайтында.
Жеделхатта Мун Чжэ Ин Елбасының коронавирус жұқтырғаны туралы хабарды алаңдаушылықпен қабылдағанын жеткізіп, тезірек сауығуына тілектестік білдірді.
"Мен өткен жылдың сәуір айындағы Қазақстанға сапарымда Сізбен болған кездесуді әрдайым жылы сезіммен еске алып отырамын. Қос ел арасындағы ынтымақтастық пен халықаралық аренадағы ахуал жайында өрбіген әңгіме барысында Сіздің көпжылдық тәжірибеңіз бен даналығыңызға тәнті болдым. Сізге тез арада коронавирусты жеңіп, сауығып кетуіңізді тілеймін", – деп жазылған жеделхатта.