Оңтүстік Корея президенті қызметінен мерзімінен бұрын кетуге даяр екенін мәлімдеді

942

Оңтүстік Корея президенті қызметінен мерзімінен бұрын кетуге даяр екенін мәлімдеді

Корея Республикасының президенті Пак Кын Хе ел азаматтарына жолдаған үндеуінде төңірегіндегілердің қатысы болған жемқорлық дауына байланысты кешірім сұрады, деп жазады Reuters-ке сілтеме жасаған "КоммерсантЪ".

"Өзімнің адал болмағаным үшін халқымнан тағы бір мәрте кешірім сұраймын. Парламентке менің мәселемді шешуді, оның ішінде  президенттігімнің мерзімін қысқартуды ұсынамын", – деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Корея прокуратурасы мемлекет басшысының саяси жанжалға байланысты қазанда қызметтерінен кеткен бұрынғы екі хатшысынан жауап алды.  Бұған дейін белгілі болғандай, Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе ешқандай құқы болмаса да жұбайына құпия құжаттарды, оның ішінде Солтүстік Кореяға қатысты саяси құжаттарды берген болуы мүмкін. Ел  президентінің отставкаға кетуін қазірдің өзінде ондаған мың адам талап етіп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу