Оңтүстік Корея Президентіне елден шығуға тыйым салынуы мүмкін

214

Бұрынғы ішкі істер министрі Ли Сан Минге шетелге шығуына тыйым салынды.

Оңтүстік Корея Президентіне елден шығуға тыйым салынуы мүмкін Фото: Sung Kyung-Seok / Getty Images

Оңтүстік Кореяның полициясы президенттің елден шығуға тыйым салу мәселесін қарастырып жатыр. Юн Сок Ельдің осыған дейін әскери жағдай енгізуіне байланысты тергеу амалдары жүруде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Yonhap-қа сілтеме жасап.

"Ең әуелі қажетті материалдарды жинау қажет. Біз жан-жақты талдау негізінде шешім қабылдаймыз", – деді полиция өкілі Ву Чжон Су брифинг барысында.

Полиция президенттен жеке жауап алыну мүмкіндігін де жоққа шығармайды.

"Тергеу объектісіне байланысты адамдық немесе физикалық шектеулер жоқ", –деді Ву Чжон Су.

Агенттіктің хабарлауынша, бұрынғы ішкі істер министрі Ли Сан Минге шетелге шығуына тыйым салынды. Әділет министрлігі мұндай шешімді полиция мен прокуратураның өтініші бойынша қабылдады. 

Айта кету керек, осыған дейін Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёль халқынан "әскери жағдай" жариялағаны үшін кешірім сұрағанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу