Оңтүстік Кореяның Демократиялық партиясы президент Юн Сок Ёльге импичмент жариялау бойынша дауыс беруді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұл шешімге оның соғыс жағдайын енгізіп, кейіннен оны алып тастағаны себеп болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Yonhap ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Демократиялық партия мен тағы бес оппозициялық саяси ұйым президенттің әрекетін Конституция мен басқа да заңдарға қайшы деп бағалап, импичмент жариялау туралы ұсыныс енгізді. Оппозициялық партиялар бұл мәселені талқылау үшін билеуші партияға жеткілікті уақыт беру мақсатында дауыс беруді сенбі күні, жергілікті уақыт бойынша кешкі 19:00-де өткізуді көздеп отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін елде төтенше жағдай режимі енгізілген болатын, алайда парламент оны алып тастау туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, Кореядағы қазақстандықтар бұқаралық шараларға қатысудан бас тартуға шақырылды.