Оңтүстік Корея президентінің парламент сотына тартылатын күні белгіленді

129

Сот отырысы ашық өтеді. 

Оңтүстік Корея президентінің парламент сотына тартылатын күні белгіленді Фото: Интерфакс

Оңтүстік Кореяның конституциялық соты президент Юн Сок Ёльге импичмент жариялау бойынша соттың 27 желтоқсан күні өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореяның Конституциялық соты 27 желтоқсанда президент Юн Сок Ёльге парламенттік импичмент жариялау бойынша алғашқы дайындық тыңдауын өткізеді. Сот отырысы ашық өтеді. Сондай-ақ президенттің өзі тыңдалымға қатысуға міндеттелді. 

Конституциялық сот 180 күн ішінде импичментті қолдау және Юн Сок Ёлды қызметінен босату немесе оны қалпына келтіру туралы шешім қабылдауы керек. Президентті лауазымнан босату туралы шешім қабылданса, Юн 2017 жылы бұрынғы президент Пак Кын Хеден кейін биліктен қуылған екінші президент болмақ. Мұндай жағдайда жаңа президент сайлау үшін 60 күндік кезектен тыс президенттік сайлау өткізіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу