Оңтүстік Корея президентінің рейтингі 4%-ға дейін төмендеп кетті

1062

Оңтүстік Корея президентінің рейтингі 4%-ға дейін төмендеп кетті

Оңтүстік Кореяда туындаған жемқорлық жанжалынан соң ел президенті Пак Кын Хенің рейтингі бірден 4%-ға төмендеп кетті.  Бұл туралы Gallup Korea-ның сауалнамасына сілтеме жасап "КоммерсантЪ" хабарлайды.

Мемлекет басшысының жұмысына көңілі толмайтын азаматтардың саны 93%-ға жетті. Бұлайша  президентке көңіл толмаушылық елдің тарихында бұрын-соңды болмаған.

"Ъ" басылымы бұған дейін Оңтүстік Кореяның прокуратурасы мемлекет басшысының төңірегіндегілердің жемқорлығы мен қызмет бабын асыра пайдалану оқиғасы туралы істі тексеріп жатқанын айтқан болатын. Құзырлы орган мемлекет басшысының  саяси жанжалға байланысты қазан айында қызметінен кеткен бұрынғы екі хатшысын тергеп үлгерген.

Естеріңізге сала кетейік,  Оңтүстік Кореяның президенті Пак Кын Хе құқы болмаса да, құпия құжаттарды, оның ішінде  Солтүстік Кореяға қатысты құжаттарды құрбысына берген болуы мүмкін. Қазірдің өзінде  ондаған мың адам Оңтүстік Корея президентінен оставкаға кетуді талап етіп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу