Оңтүстік Корея Ресейді әуе кеңістігін бұзды деп айыптап отыр

853

Ресейдің әскери ұшақтары Оңтүстік Кореяға тиесілі Жапон теңізі үстінен екі мәрте ұшқан. 

Оңтүстік Корея Ресейді әуе кеңістігін бұзды деп айыптап отыр

Ресми Сеул Мәскеуді әуе кеңістігін бұзды деп айыптап отыр. Бұл туралы оңтүстіккореялық Yonhap агенттігі хабарлады. 
Басылымның дерегі бойынша, Ресейдің әскери ұшақтары Оңтүстік Кореяға тиесілі Жапон теңізі үстінен екі мәрте ұшқан. Бұған жауап ретінде Сеулдің әскери әуе күштері ескерту түрінде оқ жаудырған. 

Оқиға Жапон теңізіндегі Докдо аралы маңында орын алған. Әуелі ресейлік Ту-95 бомбалаушы ұшағы мен қытайлық Н-6 ұшағы Оңтүстік Корея бақылайтын аймаққа кірген. Содан кейін ресейлік екі ұшақ ескертуге қарамастан тағы да ұшып келген.

Оңтүстік Корея билігінің айтуынша, Мәскеу мен Бейжің бұл қадамдарымен халықаралық келісімді бұзып отыр. Елдің сыртқы істер министрлігі әуе кеңістігін бұзған қос мемлекеттің өкілдерін кездесуге шақырды. Егер де осындай жағдай қайталанатын болса, Сеул бұдан да қатаң шара қолданатынын басып айтты.  

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу