Оңтүстік Корея Ресейге қарсы жеке санкциялар салады

805

Экcпорттық шектеу орнатылады. 

Оңтүстік Корея Ресейге қарсы жеке санкциялар салады

Оңтүстік Корея АҚШ-тың Ресейге қарсы салған санкцияларына қосылмайды. Бірақ өзінің шектеулерін енгізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz елдің Cауда, өнеркәсіп және энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

"Америкалық тарап бірнеше күн ішінде Оңтүстік Кореяны FDPR-дан шығарылған елдер тізіміне қосатынын растады. Оңтүстік Корея үкіметі АҚШ пен халықаралық қауымдастықтың санкцияларына сәйкес келетін экспорттық шектеудің қосымша шараларын қабылдайды", – деп жазылған министрліктің хабарламасында.

Бұған дейін Германия канцлері Олаф Шольц Батыстың Ресейге қарсы санкцияларының себебін айтқан болатын. Біріншіден, шектеулер елге қысым көрсету құралы болып табылады. Екіншіден, олар Ресейді дипломатияға итермелеуі мүмкін.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу