Оңтүстік Корея шетелдік жұмысшылар санын екі есеге көбейтпек

761

Оңтүстік Корея шетелдік жұмысшылар қатарын екі есе көбейтеді. Бұл туралы елдің Еңбек министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.  

 Оңтүстік Корея шетелдік жұмысшылар санын екі есеге көбейтпек Фото: yntymak.kg

Ведомствоның мәліметінше, алдағы жылы республикаға 110 мың адам сырттан келіп жұмыс істеуіне болады. Олардың басым бөлігі өңдеу өнеркәсібіне, 14 мыңы ауыл шаруашылығына, тағы 7 мыңы балық шаруашылығына керек. Биыл 69 мың шетелдікке квота бөлінген. Ал Астана мен Сеул арасында Кореяға қазақстандық жұмысшылар тарту туралы келісім жоқ. Сондықтан 2 ел арасындағы визасыз режимді пайдаланып, бірнеше мың отандасымыз заңсыз жұмыс істейді. Жұмыс визасын Қазақстандағы корей диаспорасының өкілдері ала алады. Мұндай визамен Оңтүстік Корея Еңбек министрлігінің мәліметі бойынша, 4700-ден астам қазақстандық еңбек етіп жүр. Заңсыз мигранттардың өмірі мен денсаулығы ресми түрде сақтандырылмаған. Ал Кореяда жұмыс орнындағы өлім-жітім жоғары. Биыл 10 айдың көрсеткіші бойынша республикада өндірістегі жазатайым оқиғалардың салдарынан 224 адам опат болған.

"Қазіргі уақытта біз жұмысшылардың жағдайын жасай алмайтындарға шетелден еңбек күшін тартуға рұқсат бермейміз. Жыл сайын біз шетелдік жұмысшылардың 3 мыңға жуық жұмыс орнын тексереміз. Жұмыс берушілер Кореяға келгісі келетін шетелдіктерге тұру орындарын онлайн тіркеуі керек. Өйткені, мигранттар өздері тұратын орынды алдын ала көру керек", - деп мәлімдеді Корея жұмыспен қамту және еңбек министрлігінің департамент директоры Ким Ын Чхоль.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу