Оңтүстік Корея шетелдіктердің елден шығу тәртібін күшейтті

1618

Бұған Қазақстан азаматының баланы қағып кетіп, ертеңіне елден шығып кеткені себеп болған.

Оңтүстік Корея шетелдіктердің елден шығу тәртібін күшейтті

Оңтүстік Кореяның әділет министрлігі заңсыз жүрген шетелдік азаматтарға елден алдын ала ескертусіз шығуға тыйым салатынын мәлім етті, деп хабарлайды Atameken Business.

Бұл шара қылмыс жасаған шетелдік азаматтардың әрекеттегі есептілік жүйесін теріс пайдаланып, елден кетуіне жол бермеу үшін қабылданбақ.

Бүгінгі күнге дейін заңсыз иммигранттар биліктегілерге кететіндері туралы дәл сол күні хабарлап, өз беттерімен елден шыға беретін еді. Жаңа ережеге сәйкес, заңсыз иммигранттар оңтүстіккореялық билік өкілдерін кететіні туралы 3-15 күн бұрын ескертіп, сәйкес тексерістен өтуі керек болады.

Әрекеттегі есептілік жүйесі 21 қазанда бұғатталады, ал өз еркімен кетуге жазылатын өтінімнің жаңа үлгісі келесі аптада дайын болады. Аталмыш ережелер Оңтүстік Корея аумағында жүрген Қазақстан азаматы бастауыш сынып оқушысын қағып кетіп, ертеңгі күні елден шығып кеткенінен кейін күшейтіліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу