Оңтүстік Корея Ресейге ескерту жасады

557

Оңтүстік Корея Солтүстік Корея сарбаздарын Ресейден дереу шығаруды талап етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оңтүстік Корея Ресейге ескерту жасады Фото: rua.gr

Бұл сарбаздар Украинаға қарсы соғысқа жіберілген. Ал Ресей тарапы болса, Пхеньянмен достығы Сеулге қатысы жоқ екеніне сендірді.

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ким Хон Гюн Ресейді Солтүстік Корея әскерлерін елден дереу шығаруға және тиісті ынтымақтастықты тоқтатуға шақырды.

Ол Мәскеу мен Пхеньянның әскери саласындағы серіктестік "Оңтүстік Корея мен халықаралық қауымдастыққа үлкен қауіп төндіретінін" және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын бұзатынын атап өтті.

Дипломат заңсыз әскери ынтымақтастықты, соның ішінде Солтүстік Корея әскерлерін орналастыруды қатаң түрде айыптады. Оңтүстік Корея өкілдері мұны тоқтатпаса барлық мүмкіндігімен жауап беретінін қатаң ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу