Оңтүстік Корея тұрғындары Токионы айыптап, митинг өткізді

470

Жапония "Фукусима-1" атом электр станциясындағы суды мұхитқа төге бастады.

Оңтүстік Корея тұрғындары Токионы айыптап, митинг өткізді  Фото: golosameriki.com

Оңтүстік Кореяның экологиялық ұйымдары Фукусима-1 Атом электр станциясынан суды ағызуға қарсы митинг ұйымдастырды.

Белсенділер Пусан қаласындағы жаға-жайға баннерлер ұстап келді. Суды атом электр станциясынан мұхитқа ағызу басталғаннан кейін, наразылық толқыны күшейе түсті. Олар Тынық мұхитындағы экологиялық қауіпсіздікті бұзды деп, Токионы айыптап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 17 күн бойы теңізге, күніне 8 тоннадан аз су төгу жоспарлануда. Бұдан ең әуелі жапондық балық аулау саласы, қатты зардап шегуі мүмкін.

Айта кетерлігі, Қытай жапон теңіз өнімдерінің импортын тоқтату туралы мәлімдеме жасады. Гонконг теңіз өнімдері импортының 15 проценті Жапонияға тиесілі болса да, билік азық-түлік қауіпсіздігіне басымдық береді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу