Оңтүстік Корея Украинаға әскери көмек жібереді

2448

Сеул жіберген гуманитарлық көмектің құны 804 мың доллар.

Оңтүстік Корея Украинаға әскери көмек жібереді

Оңтүстік Корея Украинаға гуманитарлық көмектен бөлек, әскери материалдар жібереді, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті қорғаныс министрлігінің өкілі Пу Сын Чханның мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Украинаға көмек ретінде не жіберілетіні туралы шешім қабылданды. Енді оның қалай жеткізілетіні талқыланып жатыр. Біз бұл елге қару-жарақ жүйесін емес,тек әскери материалдарды береміз", – деді ведомство өкілі.

Гуманитарлық көмек ретінде каскалар, құрғақ тамақ, көрпелер, дәрі-дәрмектер, шатырлар жіберіледі. Оның жалпы құны 804 мың доллар.

Бұған дейін Оңтүстік Корея АҚШ-тың Ресейге қарсы салғана бірқатар санкциясына қосылмайтынын жариялады. Бірақ Сеул Мәскеуге қарсы экспорттық шектеулер енгізуге міндеттелді. Оңтүстік Кореяның сауда министрі Оңтүстік Корея АҚШ пен халықаралық қауымдастық қабылдаған шараларға сәйкес келетін экспорттық шектеулер жариялайтынын мәлімдеді.

Табиғат Нұрболат

Фото: sbs.co.kr

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу