Оңтүстік Корея вице-премьері Қазақстанға келе жатыр

674

Оңтүстік Корея вице-премьері Қазақстанға келе жатыр

Осы аптада Оңтүстік Корея премьер-министрінің орынбасары, білім министрі Ли Чжун Сик Орталық Азияға сапары аясында Қазақстан мен Өзбекстанда болады, деп хабарлайды inform.kz.

Yonhap агенттігінің мәлімдеуінше, бұл сапар Оңтүстік Корея мен Қазақстан арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнауының 25 жылдығына, сондай-ақ этникалық корейлердің қоныстануының 80 жылдығына орайластырылып жасалмақ.

Ли Чжун Сиктің сапары төрт күнге жалғасады. Ол екі елдің жоғары лауазымды шенеуніктерімен келіссөз жүргізіп, стратегиялық серіктестік қатынасты нығайту мәселелерін талқыламақ.

Сонымен қатар ол Қазақстан мен Өзбекстанда өмір сүріп жатқан корей халқының өкілдерімен кездеседі. Қазақстан мен Өзбекстан – 100 мың және 180 мың этникалық корейдің туған жері.

19-ғасырдың соңында кедейшілікке тап болған корей фермерлері Орталық Азия өңірлеріне қоныс аудара бастады, ал кейіннен, оларға 1910-1945 жылдары Жапонияның отарлық басқаруына қарсы тұрған, тәуелсіздік үшін күрескен кей адам қосылды. Бұған қоса, 1937 жылы Иосиф Сталиннің бұйрығымен Сібірде тұрып жатқан корейлер де Орталық Азияға жаппай жер аударылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу