Оңтүстік Кореяда 11 мыңдай Қазақстан азаматы жүр

1000

ҚР сыртқы істер министрлігінде "Орталық Азия – Оңтүстік Корея" 12-форумы өз жұмысын бастады.

Оңтүстік Кореяда 11 мыңдай Қазақстан азаматы жүр

Оңтүстік Корея тарапынан Қазақстан азаматтарының елге келуіне шектеу қоятындығы туралы ресми хабар келген жоқ. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Өздеріңіздей біз де бұқаралық ақпарат құралдарынан "Корея тарапы Қазақстан азаматтарының елге келуіне шектеу қояды" деген ақпаратты көрдік. Осыған орай мұндай ақпараттың бізге ресми келмегендігін хабарлаймыз. Ресми хабар келіп түссе, онда біз оны жариялаймыз", – деді Айбек Смадияров.

Оның дерегінше, 2019 жылдың 1 қыркүйегіндегі корей тарапының берген деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяның аумағында 10 785 Қазақстан азаматы жүр.

"Форум басталар алдында біздің министріміз кореялық әріптесімен екіжақты кездесу өткізді. Оның барысында кореялық тараппен екі елдің арасындағы көші-қон саясаты мәселелерін қарастырды. Бірақ, мән-жайын сіздерге жария ете алмаймын", – деді ресми өкіл.

Айта кетейік, ҚР сыртқы істер министрлігінде "Орталық Азия – Оңтүстік Корея" 12-форумы өз жұмысын бастады. Шараға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан сыртқы істер министрлері қатысуда. Ал Түрікменстан тарапынан сол елдің Қазақстандағы елшісі қатысып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу