Оңтүстік Кореяның Пусан қаласындағы әуежайда ұшуға дайындалып жатқан Air Busan әуе компаниясының ұшағы өртеніп кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ұшақта 176 адам болған. Барлық 169 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі үрлемелі траптар арқылы дер кезінде эвакуацияланған. Өрт сөндірушілердің хабарлауынша, эвакуация кезінде 3 адам жеңіл жарақаттар алған.
Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, ұшуға бірнеше минут қалғанда ұшақтың артқы бөлігінде өрт басталып, санаулы минуттарда барлық бөлігіне тарап үлгерген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу