Оңтүстік Кореяда 85 мыңнан астам шетелдіктің баспанасы бар

305

Шетелдіктердің 93,5%-ға жуығы бір пәтерге, ал 5,2%-ы екі пәтерге ие болды. 

Оңтүстік Кореяда 85 мыңнан астам шетелдіктің баспанасы бар Фото: freepik

Оңтүстік Кореяда 85 мыңнан астам шетел азаматы баспанаға ие, ал Қытай азаматтары жылжымайтын мүліктің жартысынан көбін құрайды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты The Korea Herald басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Кореяның Жер, инфрақұрылым және көлік министрлігінің мәліметі бойынша, маусым айының соңында Оңтүстік Кореяда барлығы 85358 шетел азаматы баспанаға ие болды. Бұл алты ай бұрынғы сәйкес көрсеткішпен салыстырғанда, 4,6%-ға өсті.

Жалпы, шетел азаматтарының меншігінде 87223 пәтер болды және бұл елдегі барлық үйлердің 0,46%-ын құрайды.

Бұдан басқа, қытай азаматтары 54,3%, американдықтар 23,5%, канадалықтар мен тайваньдықтар сәйкесінше 6,8% және 3,8%-ын иеленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу