Оңтүстік Кореяда адам саудасымен айналысты деген күдікпен 27 адам ұсталды

699

Ұсталғандардың бірі – Оңтүстік Корея кемелерінің біріндегі қауіпсіздік қызметкері.

Оңтүстік Кореяда адам саудасымен айналысты деген күдікпен 27 адам ұсталды

Елдің оңтүстік-шығысындағы Пусан қаласының полициясы адам саудасына қатысы бар деген күдікпен 27 адамды ұстады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Yonhap агенттігігіне сілтеме жасап.

Жергілікті полицияның дерегі бойынша, олар 2020 жылдың наурызы мен 2021 жылдың қыркүйегі аралығында Пусан және Ульсан қалаларында, Кенсан-Намдо провинциясында жеңгетайлықпен айналысқан. Тапқан пайдасы 700 миллион вонға жеткен.

Ұсталғандардың бірі – Оңтүстік Корея кемелерінің біріндегі қауіпсіздік қызметкері. Полиция қамауға алынғандардан 150 миллион вон тәркіледі.

Табиғат Нұрболат

Фото: depositphotos.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу