Оңтүстік Кореяда АҚШ-тың әскери әрекетіне қарсы шеру өтіп жатыр

652

Оңтүстік Кореяда АҚШ-тың әскери әрекетіне қарсы шеру өтіп жатыр

Солтүстік Корея ядролық және баллистикалық зымырандарды сынақтан өткізуді доғармайтынын айтқан соң АҚШ билігі Оңтүстік Кореяға өзінің қорғаныс жүйесін әкеп орналастыра бастады, деп хабарлайды 24.kz.

Алайда Вашингтонның бұл әрекетіне жергілікті халықпен қатар өзге мемлекеттер де қарсылық білдіріп жатыр. Зымыраннан қорғану жүйесі жеткізілген Сонджу провинциясының тұрғындары америкалық әскерилерді наразылық шеруімен қарсы алды. Ереуіл соңы полициямен қақтығысқа ұласып, салдарынан 10 адам жарақат алды.

Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, АҚШ-тың зымыраннан қорғану жүйесін ел аумағына орналастыру туралы келісім өткен жылы жасалған. Алайда жүйе қолданысқа 2018 жылдың соңында берілуі тиіс.

АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бұл әрекетіне Қытай да алаңдап отыр. Елдің Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Оңтүстік Кореяға АҚШ-тың зымыраннан қорғану жүйесін орналастыруы Корея түбегіндегі ахуалды одан әрі ушықтырып жіберуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу