Оңтүстік Кореяда AstraZeneca вакцинасынан тағы 3 адам қайтыс болды

929

Осы күнге дейін бұл екпені 151 мың адам қабылдаған. 

Оңтүстік Кореяда AstraZeneca вакцинасынан тағы 3 адам қайтыс болды

Оңтүстік Кореяда AstraZeneca компаниясы жасап шығарған вакцинаны ектірген 3 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Кореяның ауруларды бақылау және алдын алу агенттігіне сілтеме жасап. Бұған дейін екі тұрғынның ажал құшқаны хабарланған еді.

Ресми дерек бойынша, екеуі – жасы 50-ден асқан ер адамдар. Олар егде жастағыларға арналған ауруханада ем қабылдап жатқан. Үшіншісі – 20-30 жас шамасындағы әйел адам. Ол мүгедектерге күтім көрсетуге арналған мекемесде емделген. 

Еске сала кетсек, бұған дейін осы елде AstraZeneca вакцинасын ектіргеннен кейін екі адам көз жұмған еді. Қос азаматтың да вакцина екпестен бұрын басқа сырқаттары болған. Қазір жергілікті билік AstraZeneca препаратының осы екі адамның өліміне себепші болған-болмағанын тергеп жатыр. Осы препаратпен жергілікті халықты егу процесі 26 ақпанда басталды. Осы күнге дейін 151 679 адам егілген. Вакцинаның 711 адамға жанама әсер еткені тіркелген. Оның 7-еуі – анафилаксиялық шок фактісі.

Табиғат Нұрболат

Фото: deccanherald.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу