Оңтүстік Кореяда әуе апатынан кейін барлық Boeing 737-800 ұшақтары тексеріледі

266

Бұл туралы Yonhap хабарлады. 

Оңтүстік Кореяда әуе апатынан кейін барлық Boeing 737-800 ұшақтары тексеріледі Фото: РИА Новости

Оңтүстік Кореяның Муан әуежайында Jeju Air әуе кемесі апатқа ұшырағаннан кейін елдегі барлық Boeing 737-800 ұшақтары тексерілетін болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Oxu.Az басылымына сілтеме жасап.

Бұл ұшақ түрін ұлттық бюджеттік әуе тасымалдаушылардың дені пайдаланады. Осындай әуе кемелерінің дені Jeju Air компаниясында тиесілі. T'way Air, Jin Air, Eastar Jet, Air Incheon және Korean Air лоукостерлерінде Boeing-тің 62 ұшағы бар.

Жер, инфрақұрылым және көлік министрлігінің мәліметінше, олар ұшуға дейін және одан кейін пайдалану мен техникалық қызмет көрсетудің қарқындылығына байланысты әртүрлі ережелердің сақталуын анықтайтын болады. Сондай-ақ, билік жаңа салынып жатқан әуежайдың жобасын бағалау кезінде әуе кемелерінің құстармен соқтығысу қаупін қалай азайтуға болатынын да зерттемек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу