Оңтүстік Кореяда баланы қағып кеткен қазақстандыққа үкім шықты

756

Баланың ата-анасы сотталушыны кешірмеді.

Оңтүстік Кореяда баланы қағып кеткен қазақстандыққа үкім шықты

Оңтүстік Кореяда баланы қағып кеткен қазақстандық екі жыл алты айға түрмеге қамалады, Бүгін Оңтүстік Кореяда жеті жасар баланы қағып кеткен қазақстандыққа осындай үкім шығарылды деп хабарлайды 24.kz.

Баланың ата-анасы сотталушыны кешірмеді. Олардың айтуынша, баланы емдеуге 60 миллионнан воннан астам ақша жұмсалған. Ол елу мың доллардан асады. Сонымен қатар баланың әкесі мен анасы ұлына қарау үшін жұмыстарынан шығуға мәжбүр болған.

Еске салсақ, жол апаты былтыр 16 қыркүйекте болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу