Оңтүстік Кореяның Чеджу қаласында бес адам қаза тауып, он үш адам жараланды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
Полиция хабарлағандай, 42 жастағы ер адам таңғы сағат 5:00 шамасында өзі тұратын көппәтерлі үйді өртеген. Содан кейін пышақ алып, пәтерден шыққан тұрғындарды баспалдақта тұрып, сыртқа жібермеген. Сыртқа шыға алмаған бес адам, оның ішінде 12 жасар жасөспірім қаза тауып, 13-і жараланды.
Шұғыл жеткен өрт сөндірушілер өртті 20 минутта сөндіріп үлгеріпті.
Күдікті оқиға орнында ұсталған. Ол полицияға әрекетін пәтерақыны дер кезінде төлей алмағанымен түсіндірді. Полицейлердің айтуынша, шабуыл жасаған адам қылмыс жасаған кезде ішімдік ішпеген.
Қазір тергеп, тексеру жүріп жатыр.