Өзінің ата-анасын, жұбайын және 2 қызын өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

201

Сот 28 тамызда ата-анасын, жұбайын және 2 қызын қазаға ұшыратқан 50 жастағы ер адамды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Өзінің ата-анасын, жұбайын және 2 қызын өлтірген ер адам өмір бойына сотталды Фото: Yonhap

Тергеу деректеріне сәйкес, Ли есімді күдікті 2025 жылдың 14 сәуірінде Йонгин қаласында әуелі отбасы мүшелеріне тыныштандыратын және ұйықтататын дәрілер беріп, кейін оларды буындырып өлтірген. Қаскүнем келесі күні ұсталды.

Қылмыскер 80 жастағы ата-анасын, 50 жастағы әйелін және 20 жастағы 2 қызын өлтірген.

Ол құрылыс компаниясын басқарғанымен, миллиардтаған вон көлемінде қарызға батып, қылмысқа әдейі дайындалғаны анықталды.

Сот құжаттарына сәйкес, ол алдын ала есірткілерді дайындап, қолайлы сәтті күткен.

Прокуратура оның әрекетін "қоғамға қауіпті әрі адамгершілікке жат" деп бағалап, өлім жазасын сұраған. Дегенмен сот түпкілікті шешім ретінде айыпталушыны өмір бойына түрмеге қамауды жөн көрді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу