Оңтүстік Кореяда билік партиясы президенттің қызметтен кетуін талап етті

252

Кореядағы қазақстандықтар бұқаралық шараларға қатысудан бас тартуға шақырылды.

Оңтүстік Кореяда билік партиясы президенттің қызметтен кетуін талап етті Фото: inbusiness.kz

Оңтүстік Кореяда "Халық күші" партиясының (PPP) өкілі Хан Дон Хун ел президентін орынынан босату керектігін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, Юн Сок Ёль билікте қалса, әскери жағдайды жариялау сияқты әрекеттерге тағы баруы мүмкін екен.

Билеуші партияның жетекшісі президенттің әскери жағдай енгізу әрекеті кезінде негізгі саясаткерлерді "мемлекетке қарсы" әрекет жасады деп айыптап, тұтқынға алуға бұйрық бергенін, тіпті оларды тұтқындау үшін барлау қызметін жұмылдырғанын атап өтті.

Сондықтан олар президентті барынша тездетіп жұмысынан алу керектігін мәлімдеді.

– Жаңадан ашылған фактілерді ескере отырып, мен президент Юн Сок Ёльді Корея Республикасы мен оның халқын қорғау міндетінен дереу босату керек деп санаймын, – деді Хан.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу