Оңтүстік Кореяда босанған әйел Қазақстанда некесін заңдастырмақшы

1387

Оңтүстік Кореяда босанған әйел Қазақстанда некесін заңдастырмақшы

Қазақстандық азаматша Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген кезінде босанып, перзент сүйді, деп хабарлады Хабар 24.kz

Алайда өзге елде некесіз туған баласына құжат жасатпақ түгілі, дәрігерге қаратудың өзі мұң болды. Шиеленіскен жағдай елшіліктің көмегімен ғана оң шешім тапты. Кореяда заңсыз жұмыс істеген жерлесіміз бізге берген сұхбаты кезінде есімі мен туған өңірін жариялаудан бас тартты. Оның себебі де түсінікті. Сондықтан атын өзімізге ыңғайлы болу үшін Айгүл деп атадық. Ал жайсыз жағдайға ұрынуына өзге елде нәпақа табам деген ойы негіз болыпты. Құрсағында 6 айлық баласы бар Айгүл Кореяға қыркүйек айында келген. Ақша тауып, жайлы өмір сүрем деген ойы жүзеге аспайды. Айгүлдің әр күні сақшылардан жасырынумен өтіп, тұратын жері мен жұмысын бірнеше рет өзгертеді. Соңғы жұмыс орны кір жуу қызметінде жүріп, жедел жәрдем қызметі жеткенше, дүниеге нәресте әкеледі. Жұмыс беруші сұхбат беруден бас тартты. Өйткені жергілікті полиция оның заңсыз миграннтарды еңбекке тартқанын білсе, жауапқа алады.

Дәрігерлер өздері босандырмағандықтан, Айгүлді қарамақ түгілі, сәбидің анасы екенін дәлелдейтін құжат бермейді. Дегенмен Қазақстан консулы Айгүлдің өзі босанғанына куә болған азаматтарды тауып, олқылықты түзетті. Осылайша нәрестеге Қазақстанның төлқұжаты берілді. Жерлесіміздің оралуына қайырымды жандардың көмегі көп тиді. Олар Айгүлге ұшақ билетін алды және оның Кореяда заңсыз болғаны үшін шамамен жеті жүз елу доллар айыппұл төледі. Ал жұмыс беруші нәрестені дәрігерлерге тексерту үшін екі мың доллардай шығынды өз мойнына алды. Енді Айгүл баласымен Отанына оралып, некесін заңдастырмақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу