Оңтүстік Кореяда шағын дрондар өндірісі қолға алынбақ, деп жазады inbusiness.kz Хабар-24-ке сілтеме жасап.
Бұған жақында орын алған оқиға себеп болды. Солтүстік-кореялық 5 дрон,, Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз кесіп өткен еді. Осыған байланысты ресми Сеул дабыл қағып, әскери ұшақтарын көкке көтерді. Алайда ұшқыш-сыз аппараттардың ешқайсысы қолға түспеді. Сондықтан жыл соңына дейін дрон өндірісін іске қосу жоспарланып отыр. Кейін олар барлау және бақылау ісіне жұмылдырылмақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу