Оңтүстік Кореяда халықты ықтимал әуе дабылына дайындап жатыр

191

Америка Құрама Штаттарымен бірлескен әскери оқу-жаттығу өтті. 

Оңтүстік Кореяда халықты ықтимал әуе дабылына дайындап жатыр Фото: Регнум

Корея Республикасында азаматтық қорғаныс бойынша жалпыұлттық оқу-жаттығулар өтті, оның барысында әуе дабылы жағдайындағы әрекеттер реті пысықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жаттығу 20 минутты алды, деп хабарлайды ТАСС. Жергілікті уақыт бойынша сағат 14.00-де әуе дабылын білдіретін сирена іске қосылды. Азаматтар ең жақын қауіпсіз нысандарға – тұрғын үйлердің жертөлелері, метро станциялары, жерасты сауда орталықтарына баруы керек еді. Корея Республикасы Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігінің деректеріне сенсек, елде барлығы 17 мыңға жуық осындай нысан бар.

Адам көп жиналған жерлерде азаматтарды қауіпсіз аймаққа муниципалды қызметкерлер арасынан ұйымдастырушылар бағыттаумен болды.

Сағат 14.15-те билік қырағы болу керектігін хабарлап, қатысушыларға нысаннан шығуға мүмкіндік туды. Сағат 14.20-да ескерту жойылды, яғни адамдарға әдеттегі істеріне қайта оралуға рұқсат берілді. Теміржол және авиациялық көлік, метро мен ауруханалар штаттық режимде жұмыс істеді.

Оқу-жаттығу барысында жолдардың жекелеген учаскелерінде әуе дабылы кезінде жүргізушілер мен жолаушылардың іс-әрекеттері пысықталды. Автокөлік жүргізушілері көлік құралын жолдың оң жағында тоқтатып, радио немесе полиция қызметкерлерінің қосымша нұсқауларын тыңдауы керек еді.

19 тамызда Корея Республикасында жыл сайынғы Ulchi азаматтық қорғаныс жаттығулары басталды. Олар АҚШ-пен бірлескен Ulchi Freedom Shield маневрлерімен бір уақытта өтеді, оған 19 мыңға жуық Оңтүстік Корея әскері тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу