Оңтүстік Кореяда бір күнде коронавирус жұқтырғандардың саны 2434-ке жетті. Бұл – рекордтық көрсеткіш, деп хабарлайды Inbusiness.kz YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.
Тұрғындардың Чхусок мерекесі кезінде жаппай қыдыруы індеттің жылдам таралуына себеп болып отыр. Елдегі денсаулық сақтау органдары дүйсенбіден сенбіге дейін мейрам кезінде миллиондаған оңтүстіккореялықтың дертке шалдығу фактісі көбейетінін болжаған еді.
Кореяның Ауруларды бақылау және алдын алу агенттігінің мәліметінше, елде СOVID-19 вирусын жұқтырудың 2434 фактісі тіркелген. Жалпы елде індетке шалдыққандардың саны 295 132-ге жеткен.
Бір күнде коронавирустан тағы жеті адам қайтыс болғаны хабарланды. Қауіпті індеттен көз жұмғандардың жалпы саны 2434 болды.
Табиғат Нұрболат