Оңтүстік Кореяда Ұлттық жиын сейсенбі күні ит етін пайдалануға тыйым салатын арнайы заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.
Ит өсіріп, союға, сондай-ақ ит етін таратып, сатуға тыйым салатын заң жобасын парламент мақұлдады – 208 парламент мүшесі қолдап дауыс берсе, екеуі қалыс қалды.
Басқарушы партия мен негізгі оппозициялық партия бірлесіп жануарлардың құқықтары туралы мәлімет артып, елдегі үй жануарлары саны артқанына байланысты ит ұстап, оны союға тыйым салатын арнайы заң жобасын қабылдау қажет деген мәселе көтерді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу