Оңтүстік Кореяда иттің етіне тыйым салынуы мүмкін

334

Аталмыш ұсынысты жануарлар жанашырлары білдіріп отыр.

Оңтүстік Кореяда иттің етіне тыйым салынуы мүмкін Фото: LB.ua

Басқарушы және негізгі оппозициялық партияның өкілдерінен тұратын Оңтүстік Кореяның заң шығарушылары иттің етін аста пайдалануға тыйым салу туралы арнайы заң қабылдауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz Bloomberg-ке сілтеме жасап.

Парламентте көпшілікке ие негізгі оппозициялық Демократиялық партия бұл заңды Парламенттің соңғы кезекті сессиясында қабылдауды ұсынды.

Президент Юн Сук Ельдің "Халық күші" консервативті партиясының заң шығарушылары бұл ұсынысты қолдады. Осылайша, ит өсіретін фермерлердің қарсылығына қарамастан, заңды қабылдау үшін жеткілікті дауыс жиналды.

"10 миллионға жуық оңтүстік кореялық үй шаруашылықтары үй жануарларын өсіреді. Иттерді жеуді тоқтататын кез келді", - деді басқарушы партияның саясат комитетінің басшысы Пак Дэ Чхоль.

Соңғы бірнеше жылда елде иттің етін тұтыну күрт төмендегенімен, оған түбегейлі тыйым салу әрекеттері ит фермалары мен мейрамхана иелерінің қатты қарсылығына байланысты сәтсіздікпен аяқталып келді. 

Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, Оңтүстік Кореяның бірінші ханымы Ким Кеон Хи бұл тәжірибені тоқтатуға тырысып жұр. Тамыз айында ол күтпеген жерден жануарларды қорғаушылардың баспасөз мәслихатына қатысып, ит еті өнеркәсібі жойылғанға дейін олармен ынтымақтасуға уәде берді.

Басқарушы консервативті блок пен негізгі оппозициялық партия келесі сәуірде парламенттік сайлауға дайындалып жатыр және олар табыс көзінен айырылған ит өсірушілерге субсидиялар ұсынбақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу