Сеулде биліктен қуылған бұрынғы президент Юн Сок Ельдің жақтастары бүлік шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Президентті қамауға алу туралы сот шешімі жарияланғаннан кейін демонстранттар ғимараттың терезелерін сындырып, ішке кіріп, полициямен қақтығысып, кейбіреулері оларға орындықтар, қоқыс және басқа да заттарды лақтырған. Сондай-ақ наразылық білдірушілер Юнның есімін атап, айғайға салған.
Оңтүстік Корея президентінің міндетін атқарушы Чой Санг-мок Сеул сотындағы сұмдық жағдай үшін қатты өкінетінін жеткізді. Билік полицияға "істі мұқият тексеруді" және қақтығыс кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бұйырды.
Сеул соты Юн Сок Ельдің қамаудағы мерзімін "дәлелдемелерді жоюы мүмкін" деген желеумен 20 күнге ұзартуға бұйрық берді. Кейінірек белгілі болғандай Юн Сок Ельден жексенбі, 19 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00-де Сыбайлас жемқорлықты тергеу департаментінде жауап алу жоспарланған еді.