Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматшасы қайтыс болды. Оның денесі Ансандағы тұрғылықты пәтерінен табылған, деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрбек Алмашовқа сілтеме жасап.
"Қалалық полициядан түскен ақпараттар бойынша оның денесі жуыну бөлмесінде асылған күйде табылған. Тергеу амалдары мен сот-медициналық сараптамасы жүргізілуде", – деді Нұрбек Алмашов.
Нұрбек Алмашов Қазақстанның Кореядағы консулдық бөлімінің марқұмның туыстарына көмек көрсетіп жатқанын айтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу