Одақтың президенті – Жанәділ Талдыбаев. Ол Кореяға 2015 жылы барған. Сеулде оқып жүргенінде медициналық туризм платформасын құрған. Кәсіпкердің екінші жобасы балаларға компьютерлік бағдарламалауды үйретуге арналған мобильді қосымша. Оны қазірдің өзінде бірнеше корей және 100-ден астам қазақ мектебі пайдаланады.
Қазір бұл бизнес 10 миллион долларға бағаланды. Бизнес-клуб мүшелері өз жобаларын әзірлеуде бір-біріне көмектесіп, танымал қазақстандық кәсіпкерлердің тренингтеріне қатыса алады. Сонымен қатар, корей тілін тегін үйренеді.
"Өнімді жіберетін кәсіпкерлер логистикаға корей компанияларын қолданады. Ал ол болса өте қымбат шығуы мүмкін. Және тек логистикамен айналысатын біздің Қазақстан азаматтары да бар. Олар өздерінің ақысын корей компанияларына қарағанда төмен алады. Сол екі кәсіпкерлерді біріктіру арқылы тиімді қауымдастық жасауға болады", - дейді Qazaq union бизнес клубының президенті Жанәділ Талдыбаев.