Оңтүстік Кореяның оңтүстік-шығысындағы Тэгу қаласындағы кеңсе ғимаратында өрт шығып, салдарынан 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Тағы 46 адам түрлі деңгейде жарақат алған. Ондаған азамат эвакуацияланды.
Ресми мәлімет бойынша, өрт 9 маусымда жергілікті уақыт бойынша 10.55-де Тэгудағы жеті қабатты ғимаратты шарпыған. Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды 20 минут ішінде ауыздықтады. Қала билігі өрт сөндіруі жұмыстарына 50 көлік мен 160 өрт сөндірушіні жұмылдырды.
Қазір жергілікті полиция өрттің неден шыққанын анықтап жатыр.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу