Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар бейнекамера арқылы бақыланады

866

Коронавирус. Өзге елдерде не болып жатыр.

Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар бейнекамера арқылы бақыланады

Оңтүстік Кореяда коронавирусты жұқтырғандарды бақылау үшін адамның бет-бейнесін тану жүйесін қолданысқа енгізу жоспарлануда, деп хабарлайды inbusiness.kz ВАК телеграм арнасына сілтеме жасап.

Технология қаңтар айында Пучхонда іске асырыла бастайды. Жасанды интеллект вирус жұқтырған адамның және онымен байланыста болған адамдардың қозғалысын бақылау үшін 10 мың бейнебақылау камерасындағы жазбаларды талдайды.

Индонезияда 14 желтоқсаннан бастап 6-11 жастағы балаларды коронавирусқа қарсы егу басталады.

Жалпы алғанда, аталған жастағы 26 миллионға жуық бала коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны ауруханаларда, аудан орталықтарында немесе мектептердегі иммундау орталықтарында алады деп күтілуде.

"Коронавирустың "омикрон" штамы Лондонда жоғары қарқынмен таралуда", – деп хабарлады Лондонның Бас санитариялық дәрігері Кевин Фентон.

Ұлыбритания Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, айдың соңына дейін "омикрон" штамы ел аумағында басым болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу