Оңтүстік Кореяда жабайы құстар арасында жоғары патогенді тұмаудың тарағаны анықталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz елдің азық-түлік, ауылшаруашылығы және орман шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жергілікті билік инфекция құс фабрикаларында таралып кетуі мүмкін деп дабыл қағып отыр.
Тұмаудың ошағы Чхунчхон-Намдо провинциясының Чхонан қаласында табылды. Соңғы мәрте құс тұмауы жеті ай бұрын тіркелген болатын.
Осы жағдайға байланысты инфекцияның таралу қаупін ескертудің максималды деңгейі жарияланды. Сонымен қатар инфекцияны жұқтырған құстар табылған жерден 500 метр радиуста толықтай карантин енгізілді. Жақын маңдағы құс фермаларының арасындағы қозғалыс 21 күнге шектелді.
Табиғат Нұрболат
Фото: almrsal.com