Оңтүстік Корея заңдарына сәйкес сот ел президентінің импичментін мақұлдаған кезден бастап, 60 күн ішінде мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізілуі тиіс.
Осыған байланысты Оңтүстік Корея президентін сайлау 9 мамырда өткізілетін болды, деп хабарлайды 24.kz.
Қазір Оңтүстік Корея президентінің міндеттерін премьер-министр Хван Ге Ан атқарып отыр.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Оңтүстік Кореяны басқарып келген президент Пак Кын Хеге қатысты білдірілген импичментті сот мақұлдап, әйел басшы қызметтен шеттетілген еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу