Оңтүстік Кореяда скауттар слетіне қатысушылар тайфун қаупіне байланысты эвакуациялануда

487

Биліктің шешімі бойынша он мыңдаған қатысушы жаһандық жиыннан кетіп жатыр.

Оңтүстік Кореяда скауттар слетіне қатысушылар тайфун қаупіне байланысты эвакуациялануда Фото: euronews

Оңтүстік Кореядағы 25-ші Дүниежүзілік скауттар слеті тайфун қаупіне байланысты тоқтатылды. Осыған дейін аптап ыстыққа байланысты іс-шарадан Ұлыбритания мен АҚШ делегаттары кеткен болатын, деп жазады inbusiness.kz euronews.com порталына сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореяда "Ханун" тропикалық дауылына байланысты халықаралық слетке қатысқан он мыңдаған скаут эвакуацияланып жатыр. Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігі осыған орай жүздеген автобус бөлінетінін мәлімдеді.  Бір күн бұрын британиялық БАҚ Пуань округіндегі скауттар слетін Ұлыбритания мен АҚШ-тан келген адамдар тастап кеткенін хабарлады.

"Эвакуация жоспары Президенттің нұсқауы бойынша дайындалды. Себебі Солтүстік Чолла провинциясы тайфунның ықпалына түсуі мүмкін деп күтуліде. бұл өз кезегінде лагерь жұмысына қиындық туғызуы мүмкін. Бұдан бөлек эвакуация туралы шешім Дүниежүзілік скауттар қозғалысының ұйымының алаңдаушылығы мен өтінішін ескереді", - деді Оңтүстік Корея ІІМ апаттарға қарсы күрес штабының бастығы Ким Сун Хо.

Жиын ашылған сәттен бастап 25-ші Дүниежүзілік скауттар слетінің қатысушыларына ауа райы кедергі болды.  Өткен сәрсенбіде Пуань уезінде аптап ыстық салдарынан жүздеген балаға медициналық көмек қажет болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу