Оңтүстік Кореяда толассыз жауған жаңбырдан көшелерді су басты

426

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар. 

Оңтүстік Кореяда толассыз жауған жаңбырдан көшелерді су басты Фото: Кактус медиа

Оңтүстік Кореяның орталық және оңтүстік аймақтарында үш күн қатарынан нөсер жауын тоқтамай тұр. Салдарынан 4 адам қаза тауып, 1 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Yonhap агенттігінің жазуынша, тағы 5 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Су тасқыны салдарынан 500-ге жуық мемлекеттік және 300-дей жеке меншік нысан бүлінді. 

Селден 80 шақырым және 30 шақырым жердегі Чхунчхон, Кенгидо провинцияларына нөсер жауын жауды. Кейбір аудандарда тәулік ішінде рекортық мөлшерде жауын-шашын түскен.

Ондаған қала мен елдің оңтүстігіндегі Чолла-Намдо провинциясын су басты. Сосан қаласында соңғы 50 жылда болмаған жауын-шашын тіркелді. Нөсер жаңбыр соңы көшкінге ұласып, жолдар су астында қалды. Кейбір аймақтарда пойыздардың қозғалысы ішінара тоқтатылды.

Корея метеорологиялық басқармасының болжамына сәйкес, елдің оңтүстігіндегі бірнеше қалада алдағы уақытта жауын-шашын тағы жаууы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу